Сабақтың тақырыбы:Менің Отаным
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары: Қазақстан – барша қазақстандықтардың Отаны. Кіші Отан.Туған үй, туған қала, ауыл туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Сабақ жоспарлаған кезде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді. Сабақтың түрі :Видео сабағы. Сабақта ,тыныштық сәті болды, «Отан –оттан да ыстық» дәйек сөзінің мағынасы аштық.Сұрақ -жауап арқылы оқушылар Қазақстан туралы білімдерін көрсетті. Отан туралы өлең жырларын айтты. Бұл сабақ – жаңа сабақ.. Сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар Отан туралы мақал-мәтел айтты.Тақырыпқа байланысты суреттерін көрсетіп , өз ойларымен бөлісті.Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар , дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.