Жаңартылған білім беру бағдарламасының
басты ерекшеліктері
«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс
және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау,
өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»
Н.Ә. Назарбаев
Білім беру бағдарламасының
негізгі мақсаты - білім
мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың
әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді.
Бағалау жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық
бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі
алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың
пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және
жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне
ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция,
Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің
артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын
туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің
ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу
үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның
бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы,
орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында
балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау барлық пәндер
бойынша қолданылады.
Кіріктірілген білім беру
бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының
төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге
бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған
және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып
отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Негізінен
жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған
білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру
ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе
жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,
топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана
білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді
(бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары)
қолдану болып табылады.
Қазіргі
таңда «Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізілуді:
2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы -
3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай
12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда
аяқталады».
Мектебімізде жаңартылған білім беру мазмұнын
игерту, пайдалану барысында қандай іс-шаралар өтуде десек, алдымен 1-сыныпқа
сабақ беретін мұғалімдер, 5-7 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер, критериалды
бағалау бойынша оқу ісінің меңгерушілері, тәрбие ісінің меңгерушісі білім
жетілдіру курсынан өтті. Дегенмен жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша
мұғалімдер курстан өтпеді. Осыған байланысты мұғалімдердің қысқа мерзімді, орта
мерзімді, ұзақ мерзімді жоспар жасауында қиындықтар кездесуде.Сонымен қатар
арнайы дисктердің, әдістемелік құралдардың тапшылығы да бар.Үстіміздегі оқу
жылында жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес 1,2,5,7 сыныптар білім
алуда.1-сыныптар бірінші жарты жылдықта бағаланбайды.2-сынып оқушыларының
жиынтық бағалау жұмыстарын орындауға төселіп қалғандығы байқалды.Бірақ,
5,7-сынып оқушылары үшін де, мұғалімдер үшін де бұл процесс қиындық келтіруде.
Канимаганбетова Г.У
ОІМ