«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімізде байсалды діни білім алудағы мешіт-медреселердің маңызы»

2023 жылдың 03 наурызында Зеренді ауданы, Зеренді ауылы М. Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында «Елімізде байсалды діни білім алудағы мешіт-медреселердің маңызы» атаулы алдын-алу іс-шарасы дәрісі өткізілді. Шараға Зеренді ауданы Ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі бас маманы Серікбай Балташұлы Өтегенов, Зеренді аудандық мешітінің Бас имамы, КҚТжДО КММ ақпараттық-насихаттау бөлімінің теолог маманы Баужанов Хабзат Қасенұлы қатысты.Кездесу барысында жастарға теріс діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндіріліп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімімен таныстырылды. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтылды.Дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауапты ең бірінші Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мамандарынан кеңес алу,  діни оқу орындары жайында, ресми сайттарынан білімді іздеген абзал екендігін айтты. Оқушыларға діни теріс ағымдардан келетін қауіп қатерлерді кең көлемде түсіндірілді. Сол себепті бұл қауіптің алдын-алып, теріс діни ағымдармен күресу қоғам алдындағы негізгі міндет болып табылады.

Жаңартылған күні: 03.03.2023 16:55
Құрылған күні: 03.03.2023 16:55

Текст