«Әкелер мен аталар» мектебінің жұмысы
Шебер сыныпта 10 сыныптың оқушысы Шыңғыстың әкесі адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі-бата беру туралы көрсетті. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» демекші батада үлкен қасиет бар екендігі, баланы үлгі- өнегеге, салт-дәстүріміз бен үлкенді сыйлауға тәрбиеледі, сонымен қатар әр шаңырақта әкенің орны ерекше, әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы ерекше орнын қадірлеуге үйретті.
Интернат балаларының барлығы осыны көре отырып, балалардың қолдарынан әр нәрсе істеу дағдысы қалыптасса, ертеңгі күні осы шебер сыныпта жасаған жұмыстарын, мектепте өткізген түрлі жәрмеңкелерге қатысып, ақша табудың да көзін көріп жатады. Сондықтан сабақтан тыс уақытында, үйде, интернат кезінде өз дәстүріміздің құндылықтарын дамыту мақсатында осындай педагогикалық жұмыс түрлерін енгізсеңіздер өз нәтижесін береді.