«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Келемұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80-нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында негізгі жобалар болып «Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды. Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Біздің облысқа 1005 жолдама,оның ішінде ауданға 90,білім ошағымызға 4 жолдама тиесілі болды.

Жаңартылған күні: 20.03.2024 19:02
Құрылған күні: 20.03.2024 19:02

Текст