«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-ана қарым-қатынас

 

Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері

 

«Адамның өмірінде балалық шақтан алып өткен жылы, ашық, мейірімді естеліктерден  басқа маңызды, керекті, пайдалы ештеңе жоқ. Ол отбасында қалыптасып, ауыр сәттерде көмегін тигізеді». Ф. М. Достоевский

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру.

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.

Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік – отбасы болса, екіншісі, алтын ұя – мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады.

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала – ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.

Бала тәрбиесінде ұстаз мен ата-ана ең алдымен баланың мінез-құлқын бақылап, оның күнделікті айналысатын ісіне бағыт-бағдар беріп, жиі әңгімелесіп, мектептегі әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа белсенді қатысуына ықпал еткені жөн. Ал, үйде әрбір ата-ана балаларының бос уақытын қалай өткізетінін жете қадағалап, зерігуіне жол бермеуі керек. Егер бала не істерін білмей босқа сенделіп жүретін болса, олар тәртіп бұза бастайды, бетімен кетуге әдеттенеді. Жасыратыны жоқ, қазір бала тәрбиесі өте қиын, күрделі жағдайда. Оқушылардың сабаққа келмеуі, түрлі тәртіп бұзушылық сияқты фактілер кездесіп жатады. Бұл жерде кейбір отбасыларда түрлі қиын жағдайлардың қалыптасуы да, балалар тәрбиесіне кері әсер етуде. Отбасындағы дағдарыс ерлі-зайыптылардың ажырасуы, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, келеңсіздіктерге сөз жоқ, ол баланың жан дүниесіне ауыр соққы болып тиеді. Мұндай ортада өскен бала өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өседі, ата - аналық мейірімді қатты аңсайды.

Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-ана мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынастың қалыптасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады.

Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді.

Кішкентай сәбилердің үлкендер не айтса соны айтатыны, не істесе соны істейтінін күнделікті өмірде жиі көріп жүрміз. Сондықтан да отбасы – баланың бастауыш тәрбие мектебі дегеніміз өте орынды. Ата-ананың жасөспірімдерді қалыптастырудағы рөлі өте зор. Ата-ананың бала алдында жеке басының үлгі-өнегесі, беделі жоғары болуы керек.

Ата-ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпайы мінез, мейірімділік, төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң нәтижесін берері анық. Баланың үйде көргені, ата-анасынан, жақын туыстарынан естігені – ол үшін тәрбиенің ең үлкені. Осы тұста сүрінбеу үшін ата-ананың мінез-құлқының, ізетті қасиеттерінің, жалпы мәдени дәрежесінің деңгейі өте жоғары болуы керек.

Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынас орын алады:

ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;

ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;

жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;

Психологтардың пікірінше, қарым-қатынастардың барлық түрі бар: еркек-әйел, ата-аналар- балалар, балалар- ата-аналар, балалар-балалар болған отбасы ғана толық бағалы болып табылады. Отбасы мінез-құлқының бұл құрылымы шартты түрдегі тәуелсіздікке ие болатын оның әлеуметтік-психологиялық тұтастығын көрсетеді. Алайда, өмірде отбасының мұндай құрылымының бөліктері әрқашан бола бермейді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда толық емес отбасы көп. Оның осы заманға көп тараған түрі ерлі-зайыптылық жоқ, балаларды ата-аналардың біреуі ғана (әдетте анасы) тәрбиелейді.

Ата-анадан балаларға қиындықсыз ауысатын ең бағалы адамгершілік белгісі – бұл шеше мен әкенің ізгілігі, адамдарға жақсылық істей алуы. Әке мен шеше өз жанының бір бөлігін басқаларға беретін адамдардың қуанышы мен қайғысын бірге бөлісетін отбасында ізгі жанды, сергек, сезімтал болып өседі. Яғни, бала тәрбиесі, ең алдымен, ата-анаға, отбасындағы жағдайға байланысты. Ең басты белең алып отырған қасірет: ата-аналарымыздың жұмыссыздығы, бір жұмысты тұрақсыз істеуі, ішімдікке әуестігі, баланың көзінше былапыт сөйлеуі. Ата-аналар ұрпақ тәрбиесінде жауапкершілікті бәсеңдетпеуі тиіс. Ата-аналар балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, тәрбиелі бала өсуі екі талай. Өйткені, бала ересектерге өте еліктегіш келеді, көп нәрсені: жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді.

Үлкенді сыйлау, дөрекі сөз айтпау, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, біреуді сырттай жамандау, өтірік айтпау сияқты әдеттер де отбасында қалыптасады. Кей ата-ана үйіне келген жолдасын не туысын күлімсіреп қарсы алады да, үйден шығып кеткеннен кейін «ой өзі бір оңбаған адам» немесе басқаша балағаттап отырады. Ол баланың бойына да сіңетіні, ол қылықты бала да жасайтыны да белгілі. Ал, тәрбиелеудің тек сөзбен немесе айтқанын істету арқылы ғана емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші-көлемдермен түсінікте болу, сөйлеу мәнерін, бойындағы жақсы қасиеттер екенін әр ата-ана бала дүниеге келген күннен бастап ескерсе, тәрбиенің нәтижелі болары сөзсіз.

Баланы жазалау керек пе?

Неге көптеген ата-аналардың алдында ерте ме , кеш пе осы мәселе тұрады?

«Қиын бала» «Шатақ бала» деп ата-аналар өз балалары туралы жиі айтады.

Ал бала неге осылай болды?

Тәрбиенің әдісі ретінде «күшпен» тәрбиелеу- біздің заманымызда ақылға симайтын көзқарас. Шапалақтау мен тепкілеу біздің өз басымыздың тәрбиесіздігінің , өзін-өзі ұстай алмауымызды көрсету.

Баяғыда бір данышпан :

«Баланы ұрмаңдар, Есіңізде болсын, олар әлі кішкентай және қорғансыз. Баланы тәрбиелегенде дүре соғу аз жұмыс болғанымен, бірақ олар өскенде сіздер олардан Қуаныш, махаббат күте алмайсыз. Дене жазасы мен қатыгездік арқылы сіз олардың жүрегін жараладыңыз» деген екен.

Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны бәрімізге мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан ата-ана бойында жақсы, жаман әдеттерімен балаға зор ықпал ететінін ұмытпауы тиіс.

Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас кезіндегі жақсы іс әрекеттерге тоқтала кетсек:

- Баламен сәйлескенде қарапайым ережелерді сақтау

- Баланы тыңдағанда ынтамен тыңдау

- Баланы мазалаған мәселелерді досындай тыңдау, әңгімелесу

- Жол сілтеу

- Балаға, егер ол қажет деп тапса сіздің көмек бере алатыныңызды ескерту

- Бала өзі дұрыс шешім қабылдай алатынына сенімін тудыру

 

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаған бала, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда “не істеу қажет?” деген сұрақ туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы керек. Тәрбие ешқандай үзіліссіз. Ол демалыс күндер дегенді білмейді.

Жан Жак Руссо “Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсақ, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, солай өсіп өнеді” деген екен.

Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады.

Біріншісі – ата-анадан.

Екіншісі – ұстазынан.

Үшіншісі – құрбысынан.

Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады.

 

Баланың құқығын құрметтеу – бұл олармен қарым-қатынаста әдептілік көрсету, сөйлесе білу және тыңдай білу, ұстамды болу оның адамдық құқын аяққа баспай оның орнына бір сәтке өзіңді қойып көру, мәселені қалай шешуді бірлесіп шешу, баланың жанын жараламайтындай болуы қажет.

Баланың мінез құлқы біздің көрсеткен үлгіміз. Отбасының үлкен мүшелері өздерінің қарым-қатынасын дұрыс құруы керек. Баланың көзінше сөйлескенде бала олардың үлгісімен үйренеді.

Осыған байланысты Толстойдың айтқанын еске түсіру орынды.

«Шылым тартып, арақ ішкен, жұмыс істемейтін және түнді күндізге айналдыратын адамның өздерінің жағымсыз тұрмыс қалпына қарамай, дәрігерге ауруымызды айыра көріңізші деп талап ететіні қандай күлерлік болса, адамдар өнегесіз өмір сүре отырып, баланы өнегелі етіп тәрбиелеуге болатыны жөнінде талап етуі де сондай күлерлік іс» деген екен.

Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып, балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететінін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.

Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер етуі жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.

Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.

Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.

Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанмен, қиын балаларды беретін отбасылар.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас кезіндегі кездесетін кемшіліктер:

1. Әке мен шешенің өз мінез құлықтарындағы кемшіліктерімен күреспейді, бірақ балалардан адамгершілікті, әдептілікті талап етеді, оларға дөрекі сөйлейді, өтірігін айтып бетіне басады, өзі өтірік сөйлейді, оны сезіп тұрса да қорыққанынан әке- шешесіне айта алмайды.

2. Ата-аналар балалардың ішкі жан дүниесіне жеткілікті көңіл аудармайды, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды, баланың қайғы қуынышын бөліспейді

3. Оқушының үй шаруасына көп көмектесуін талап етеді, оған жасаған жақсылығын міндеттейді.

4. Мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста болмайды, оқушының жағдайын бірлесіп шешпейді.

Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі, кішіпейіл болу ізеттілік, сыйластық үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірін сыйлау, қамқоршы болу бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Моралдық жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Қазіргі кезде ауқатты отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес.

Ата-аналардың мінез-құлқы немесе іс-әрекеті, сөйлеген сөздері арқылы балаға ықпал ететін бірнеше әдіс-тәсілдер бар екен. Соған тоқталсақ:

Ата-аналар кодексінде:

Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;

Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек.

Тәрбие беру – ақыл айту емес;

Баланы жақсы көргендігіңізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;

 

Мектептегі бір топ оқушыларына ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынасын анықтау үшін төмендегідей сұрақтан тұратын сауалнама жүргізіп қарауға болады. Аты-жөнін көрестпеу керек болса бала ештеңені жасырмай ақ айтып береді.

Ата-анаңның бір-бірімен қарым-қатынасын, мінездерін қалай бағалайсың?

Ата-анаңның арасында келіспеушіліктер саған әсер ете ме?

Ата-анаңа ренжіген кездерің болды ма?

Осы үш сұрақтың өзі отбасындағы ата-ана қарым-қатынасының балаға қалай әсер етіп жатқанын көрсетіп береді.

Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Әрине, ата-аналардың бәрі бірдей емес, балаларына жақсы тәрбие беріп, үлгі көрсетіп жүрген отбасылар да баршылық.

Отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты - өз баласын үлкен әріппен жазылатын АЗАМАТ етіп тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 15.04.2019 09:29
Құрылған күні: 15.04.2019 16:41

Текст