«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табиғат – адамзатқа аманат!

Сабақтың тақырыбы: Табиғат – адамзатқа аманат!

Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға,

қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: топтық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, плакат, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • «Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер» (мақалды жалғастыру)
  •  «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» (табиғат туралы өлеңдер оқу)
  • «Табиғат – тіршілік иесі» (жұмбақтар шешу)
  • «Құстар біздің досымыз» (сөзжұмбақ шешу)
  • Қорытындылау

 

Кіріспе сөз:

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғаттың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

 

1.Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер (мақалды жалғастыру)

1. Ер-елдің көркі, орман тоғай.../жердің көркі/.

2. Бір тал кессең, .../он тал ек/.

3. Дәрі.../ шөптен шығады/,дана көптен шығады.

4. Қорада малың болсын,көшеде.../талың болсын/

5. Атаңнан мал қалғанша,.../тал қалсын/.

6. Бұлақ көрсең.../көзін аш/.

7. Жылап жүріп арық қазсаң,.../күліп жүріп су ішерсің/.

 

2.Таза болса табиғат, аман болар адамзат (табиғат туралы өлеңдер оқу)

  Табиғат байлықтарының ішіндегі ең керегі – ауа.

Мадияр:

 Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Әлихан:

Су деген – өмір көзі,

Тіршіліктің нәрі бұл.

Су болмаса оянбайды,

Табиғаттың барлығы.

Болмас еді шөп – шалаң,

Болмас еді тірі жан.

Сол себепті балалар,

Ысырап қылмайық суды.

Арслан

Бұтақтарды сындырмай,

Тазалықты сақтайық.

Гүл өсіріп, су құйып,

Табиғатты қорғайық.

Айым

Табиғатым, тіршілігім, ырысым,

Сенсіз менің тарылады тынысым.

Биік - биік тауларыңа қарасам,

Алшаң басып, түзеледі жүрісім.

Сенсің менің тазалығым, тұнығым,

Сенсіз менің үзіледі үмітім,

Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,

Сен бар кезде құлшынамын өмірге.

Гүлназ

О, адамзат аялашы, қорғашы,

Өзің туып, өзің өскен ортаны.

Келе жатыр талай сәби өмірге,

Ең болмаса соның жайын ойлашы.

Мен қазақпын жылқы мінез қайсарлы,

Жақсы, жаман айыратын байсалды.

Туған жерім, табиғатым деп бүгін,

Асау тайың бар әлемге жар салды.

Наргиза

Ей, ағасы, іні менен бауырлар,

Мен айтатын сөздеріме құлақ сал,

Табиғат пен адам егіз емес пе,

Өкінерсің кетсе егер келмеске.

Қ.Мадияр

О, адамзат аман жүргің келсе егер,

Қарап тұрма несібең ғой қара жер.

Табиғаттың тазалығын сақтағын,

Азаматтық борышыңды ақтағын.

 

 

3.Табиғат- тіршілік иесі (жұмбақтар шешу)

1.Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

2. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (ауа)

3.Қараңғыда жымыңдайды, жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (жұлдыз)

4.Тереземіздің әйнегін жуады,

Бірақ сүртпейді. (жаңбыр)

5. Еш тесікке тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды. (су)

  1. Аспандағы көлеңке,

Жерге суын шашады. (бұлт)

4.Құстар-біздің досымыз (сөзжұмбақ шешу)

1.Жасыл орман желекті

Оның күтіп-баққаны

Тоқылдатса теректі-

Құртын қуып жатқаны (тоқылдақ)

2.Суда жұбын жазбайтын құс (аққу)

3.Ұшады қалықтайды,

Сайраудан бір жалықпайды. (бұлбұл)

4.Қыран құс (ителгі)

5.Құстың атымен аталатын қыз есімі (Қарлығаш)

6.Бантигі бар басында

Бір құс жүр үйдің қасында (тауық)

7.Сөйлей алатын ,қолға үйренген құс (тотықұс)

 

 

 

Т

 

А

қ

қ

у

 

 

б

ұ

л

Б

ұ

л

 

 

И

т

е

л

г

і

қ

а

р

л

ы

Ғ

а

ш

 

 

 

т

А

у

ы

қ

 

 

т

о

Т

ы

қ

ұ

с

 

                     
 

 

«Табиғатты аялауға өздерің қандай үлес қосар едіңдер?»

6.Қорытынды
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!

/public/files/2020/12/15/151220_120816_tabiat-adamzata-amanat.docx

Жаңартылған күні: 15.12.2020 12:08
Құрылған күні: 15.12.2020 12:08

Текст