«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құмырсқа және бидай дәні Пәні: Әдебиеттік оқу. Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа және бидай дәні

Пәні: Әдебиеттік оқу. Сыныбы: 2 «Ә»

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді селосы

МЕКТЕП: «М.Ғабдуллин атындағы ЖББОМГ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Зиядина Маржан Бекдауловна

 

 

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.6.1. Кейіпкердің сырт келбетін сипаттау, мінез құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.2.5.1 - мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау, үзіндісін мазмұндау,сахналау .

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар :мәтінді түсініп оқи алады, сұраққа жауап бере біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Құмырсқа жайлы түсінік айта отырып, топтық жұмысты бірлесе орындайды.

Кейбір оқушылар :өз ойын толық айта алады

Бағалау критерийі

Дескриптор:

1.Мәтінді түсініп мәнерлеп оқиды.

2.Құмырсқа мен бидай дәні жайлы түсінік айта алады.

3.Өз ойын толық жеткізіп айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Ертегі бұл- салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Ертегі бұл ауызша тараған халық шығармалары, ол жан-жануарлар, қиял-ғажайып, тұрмыс салт болып бөлінуін сипаттау

Денсаулық

және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережесі сақталды, сергіту сәттері, белсенді әрекеттер орындалды

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Таныстырылым, бейнежазба

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

Сақина ертегісі

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

8 минут

1.Шаттық шеңбері!

Қол алысып, қәне біз

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрайық шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

- Балалар бүгін біздің әдебиеттілік оқу сабағымыз ерекше болмақ. Сабақты бастамас бұрын біз топқа бөлініп алайық.

Топтарға бөлу.

1-топ  «Талап»

2-топ  “Еңбек”

3-топ “Қанағат” 

 Сиқырлы сақина арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Ертегі қандай кейіпкерлерден тұрады?

Шаруаға тауық қандай өтініш айтты?

Шаруа сақинаны қайда апарды?

Зергердің арам пиғылы.

Зергердің тілегі іске астыма?

Шаруа мен әйелінің әңгімесі.

Шаруа қандай кісі?

Ұмыт болған сақина.

Бұл ертегі қандай ертегіге жатады?

Шаруа бақытқа қалай жетті?

Егер сенде сиқырлы сақина болса сен не тілер едің?

Критериалды бағалауды дескриптор арқылы жүргіздім.

- Ертегідегі шаруаның іс-әрекеті туралы айтады.

- Зергердің іс-әрекетін сипаттайды.

- Шаруаның еңбекқорлығын сипаттай алады.

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сиқырлы сақинаның суреті

Жаңа білім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

 - Балалар мәтінде не жеңді?

-Еңбек, сабырлық, шыдамдылық осы жақсы қасиеттердің бәрі кедейдің бойынан табыла білді.

Сиқырлы сандық ішінде жұмбақтар бар.

Еңбекқор жәндік деп нені айтамыз?(құмырсқа)

Аласа ғана бойы бар,

Қойнына тыққан наны бар.(бидай)

Олай болса, бүгін біз Леонардо да Винчи итальян жазушысының ертегісімен танысамыз.

Леонардо да Винчи  (1452 ж 15 ақпан -1519ж 2 мамыр ) – қайта өрлеу дәуіріндегі Италияның аса ірі қайраткері және сол кезеңнің негізін қалаушылардың бірі. Леонардо да Винчи тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астроном, архитектор және инженер болған. Леонардо да Винчи Анкиано елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі – құжат куәландырушы, ал шешесі – қарапайым шаруа. Леонардо жастайынан еңбексүйгіш болып өседі. Жас кезінде сурет пен мүсін өнерін жақсы көрген. Ол өзінің оңаша бөлмесіне шегірткелер мен кесірткелердің алуан түрін, жыландарды, көбелектерді, ірі теңіз шаяндарын, жарқанаттар мен басқа да жәндіктерді әкеліп толтырады. Осы мақұлықтарға қарап отырып шабыттанған ол әрқайсысының бейнесін ең бір фантастикалық үйлесімде пайдаланып, құз жартастардың арасынан өрмелеп шығып келе жатқан әлдебір құбыжықтардың бейнесін жасайды. Леонардо До Винчи «Мона Лиза» суретін салған. Бұл оның ең әйгілі шығармасы.

Тыңдалым. «Құмырсқа мен бидай дәні» ертегісін бейнежазба арқылы тыңдайды.

Құмырсқа не тауып алды?

Оны қайда апармақшы екен?

- Балалар неге ол бидай дәнін көміп кетті деп ойлайсыңдар?

Оқылым. «Шынжыр » әдісімен мәтінді мәнерлеп оқу.

Барлық оқушы оқиды соны, тыңдап баға береді.

Неліктен топтарымыз Талап, Еңбек ,Қанағат деп ойлайсыңдар?

- Себебі Құмырсқа өте еңбекқор, Қанағатшыл және талапшыл жәндік.

Балалардың пікірін тыңдау.

Сергіту сәті.

Бармақ болып жұмысқа

Қырға шықты құмырсқа

Тайып кетті аяғы,

Қырға қайтып шығады.

Ой-ой-ой,

Әне аю келеді.

Құмырсқаны көреді.

Енді қайтып құтылар,

Илеуіне тығылар.

 

 

слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бейнежазба

 

 

 

Оқулық

 

 

 

Мәтінді мәнерлеп оқу.

 

 

 

 

 

 

Ортасы

20 минут

Топпен жұмыс.

1-топ: Талап. Суреттер бойынша ертегіні құрастыру, әңгімелеу.

2-топ: Еңбек. Ертегідегі қай сюжет бейнеленген диолог бойынша әңгімелеу. Қандай ертегіге жатады?

3-топ: Қанағат. Құмырсқа мен бидайды сипаттау.

Бағалау. Шапалақ әдісі.

Критериалды бағалауды дескриптор арқылы жүргіздім.

  • Суреттер бойынша ертегіні құрастыра алады.
  • Диолог бойынша әңгімелейді.

- Құмырсқа мен бидайды сипаттайды.

Постер қорғату

Аяқталуы

Сабақты бекіту

8 минут

Қорытындылау .

«Құмырсқаның қанағаты» диафильм көрейік.

Не түсінгендерің сұрау.

-Ендеше балалар, мен сендерге  бидай дәнін әкелдім. Бидайдың қандай екенін сипаттаймыз.

 

диафильм

 

 

Бағалау

2 минут

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

«Табыс ағашы»

Қызыл-Сабақ өте қызықты болды.Маған ұнады.

Сары-Маған сабақ ұнады, бірақ аздап қателер болды.

Жасыл-Маған сабақ қызықсыз болды. Тапсырмаларды орындай алмадым.

Үйге тапсырма: Құмырсқа және бидай дәнін оқу,

 

 

Смайликтер

 

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерді бояп жабыстырады.

Үйге тапсырма: Құмырсқа және бидай дәнін оқу.

Жаңартылған күні: 19.03.2020 18:21
Құрылған күні: 19.03.2020 18:21

Текст