«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақтар қорытындысы

«М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің  бастауыш сынып  бірлестігі бойынша    

31.01.-04.02.2022ж. аралығында  өткен ашық сабақтар   қорытындысы

Мақсаты: Сабақтарда  оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру; шығармашылық қабілетін арттыру.

Шарипова Қ.Қ дайындық сыныбында Б.Б.С.ҚатынасҰ.ОҚ – сауат ашу негіздері  пәнінен  «Ғарышқа  сахат . Ғ дыбысы  мен әрпі»,Абдрахманова Ж.С.  3 «ә» сыныбында  жаратылыстану  пәнінен «Қандай  топырақ  құнарлы?» ,Зиядина М.Б.  4 «ә» сыныбында  қазақ тілі  пінінен  «Жатыс септік», Умурбекова Г.А.  1  сыныбында математика пәнінен  тақырыбы «Есептер шығару» , ал Авсилам Лиза 4 «а» сыныбында қазақ  тілі   пәнінен  «Барыс  септік», Калибаева Г.М.  2 сыныпта әдебиеттік  оқу  пәнінен  «Кірқоймас» тақырыбынан ашық сабақ өткізді.

Құрылған  сабақтары  жоспарға сай ,мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді.

Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.

Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып,  баға беріліп отырды.Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.

Қорыта  келгенде,ашық сабақтар бастауыш сыныпта  жақсы деңгейде өтті.Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек

Жаңартылған күні: 08.02.2022 09:08
Құрылған күні: 08.02.2022 09:16

Текст