«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Генерал – Нұғыманов Марат Серәліұлы

 

«Генерал – Нұғыманов Марат Серәліұлы».

Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлауы, өз елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан етуі, өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғауы, ата-бабалардың салған тарихына құрметпен қарауы, өз өмірін туған елінің гүлденуіне арнауы – бұлардың барлығы да Қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды.

Ұсынылып отырған мақала қоғамда танымал және ақпараттық ілгерілету идеясының жетістігі  принциптерінің бәсекеге қабілеттілігін, ғибадат прагматизм мен патриоттық сезімі, өз Отанына деген сүйіспеншілік арқылы нақты үлес қосқан адамның дамуын насихаттау. Ол адам біздің жерлесіміз, Генерал – Нұғыманов Марат Серәліұлы.  Елім, Отаным деген қасиетті ұғым бұл азаматта өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталған.  Осындай тамаша, мақтауға тұрарлық адам маған  нағашы болып келеді, мен сондай пір тұтамын, неге жерлесіміздің атын, есімін шығармасқа деп, өмірін жолына, істеген адал ісіне  мақала жазуды жөн көрдім.

Бұл адам – біздің замандасымыз, оның өмір жолы мен жетістіктері – баршамызға  үлгі бола алады.

 Бұл ерекше, қарапайым адам,  дүниедегі пенделердің бәрінде бірдей кездесе бермейтін асыл қасиеттер бар болған тұлға,  әділеттілікті, адалдықты жақтаған, әрқашан елдің қамын ойлаған,  көңілі ояу, зерек жан болған адам, өзіне жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарып,  тиянақты, тапсырылған жұмыстарды ұқыптылықпен атқара отырып, ұлтын қастерлейтін ұлтжанды адам, үлкен абыройға ие болып,  күні – түні ерінбей еңбектеніп,   дамыл таппаған азамат - осындай үлкен дәрежеге жеткен. Өз Отанын адал сүйе білген, Отанымыздың білімді азаматы, адамгершілігі мол, әділетті, ел мен жердің қадір – қасиетін терең меңгерген.

«Кеңсің дала. Туған ана. Көйлегің кең көк ала. Жан беретін. Тән беретін. Мейірімді ана сен ғана» - деп жырлап кеткен сұлу ақынымыз Сәкен Сейфуллиннің сөзін келтіруді жөн көрдім. Себебі, туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе ол адам  үшін туған кент. Отаны кішкентай болса да, сол өзінің ауылы аса қымбат жер болып табылады - Зеренді ауданы, Қостомар ауылы. Сонымен бірге  ол елінің бір бөлшегі, оның бүгіні мен болашағы. Сол   Зеренді ауданының, Қостомар ауылынан  шыққан танымал, қасиетті адам   туралы  сыр  шертпекпін.

Нұғыманов Марат Серәліұлы 1948 жылы 7 мамырда Көкшетау облысы, Зеренді ауданы,  Қостомар ауылында дүниеге келген. Балалық шағы осы туған жерде өткен.

Тың игеру жұмысына  байланысты ата – анасы  1968 жылы Балқашын ауданы, Целиноград облысы,  Гвардеец ауылына  қоныс аударған, осы ауылдың  орта мектебінде толық білім алып, орта мектепті тәмәмдаған.  Тәртібі «өте жақсы», білім дәрежесі кілең «5»  деген бағамен бітіріп, аттестат алған.

Әскер қатарына алынғанға дейін тракторист жүргізушісі болып жұмыс атқарған, ерен еңбегі үшін «Тың игерушіге  -10 жыл» атты  медалімен марапатталған.

Нағашым  қаншалықты ауылда тұрғанына қарамастан өте білімді, мәдениетті адам,  жан-жақты, гуманитарлық бағыт жағын өте терең меңгерген.

1968 жылы әскер қатарына  алынып, сонда 25 жылдық әскери қызметті жалғастыруға  қалған. Әскери өмірі осылай басталған.

1971 жылы жоғары жалпы әскери командалық әскери-саяси училищені, 1987 жылы Калининград мемлекеттік университетін бітірген. Әскери қызметін түрлі саяси лауазыммен жалғастырған. Прибалтика әскери округінде бақылау комиссиясының төрағасы болған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училище бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, Жалпы мақсаттағы күштер, кейіннен Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшыларының орынбасары және орталық аппаратта Тәрбие және әлеуметтік-құқықтың жұмыстары жөніндегі департамент бастығы лауазымдарын атқарған. ІІІ дәрежелі «За службу Родине в ВС СССР» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.

1.   Марксизм – Ленинизм университетінде соның ішінде Ютербаском ГДО және партия оқуының ең жоғарғы политикалық білімінің оқуына  1974 жылы түсіп, 1977 жылы бітіріп  кілең  бестік бағамен бітіріп,  дипломын алып шыққан.

2.  Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі кеңесінің шешімімен 15 шілдеде 1973 жылы Отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолдағы ерекше еңбегі үшін «Кеңес Одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов» медалімен марапатталған.

3.  6 мамыр 1999 жылы «Астана» медалімен наградталған.

4.  2001 жылғы желтоқсанның  3 – дегі  Жарлығы  бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

5. 2002 жылғы 7 мамырдағы ҚР Президентінің  Жарлығына  сәйкес  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған.

6.  2002 жылдың 11 маусымда № 255 Қазақстан Республикасының  Қорғаныс министрі  бұйрығымен ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталған.

7.  2011 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл » мерекелік медалімен наградталған.

8.    1912 жылдың 10 сәуірінде №170 ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

9.   2014 жылы 25 мамырда «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалімен марапатталған.

10.  Құрлық әскерлер Әскери институты бастығының 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 579 бұйрығымен «АВОКУ – ҚӘӘИ 45 жыл» медалімен наградталған.

11.   2015 жылғы 11 желтоқсандағы ҚР Президентінің  Жарлығы бойынша  «Қазақстан Констиуциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

12.   2016 жылы 18 қарашада «Панфилов дивизиясына 75 жыл » медалімен наградталған.

    13. 2016 жылғы 29 қарашадағы . ҚР Президентінің Жарлығы бойынша  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

14.   2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлық бойынша «Құрмет» орденімен наградталды.

15.   07.05. 2017 жылғы  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл»  мерейтойлық белгімен наградталған.

16.  Астана 2017 жыл.  «Қазақстан ардагерлер ұйымына  30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Марат Серәліұлы  Совет – Қытай шегарасына да  жіберілген. Ол кезде бұл жерде тиышсыз болған, яғни Доманск аралы, Жалаңаш көлде.

Үш жылдан кейін біздің батырды совет әскерлерінің тобы Германияға жібереді, 1979 жылы әскери міндетін жалғастырғаннан кейін СНГ бұйрығымен, ақпан айында 1992 жылы Маршл Конев атындағы Алматы әскери  жоғарғы училищесі директорының жеке  көмекшісі болып тағайындалады. 

Өз мамандығы бойынша алғашқы 5 жылдық жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқара білді. Өте қарапайым адам, өз ісіне  тиянақты, қай іс болмасын үлкен ілтипатпен, жауапкершілікпен қарайтын, бар істі үлкен түсінікпен қарап  орындауға тырысады.

2018 жылы 7 мамыр күні болған 70 жылдық мерейтойына арнайы концерт ұйымдастырылып,  Генерал майор Таласов Мұхамеджан Қадыржанұлы құттықтау сөз сөйлеп, құттықтады.

Мерей той иесі жас келешек  офицерлерге  тәрбиелік мәні зор ақыл, кеңес сөздерді айтты.

Өз отбасының мықты тірегі,    өз жарына сенімді жолдас, екі қызының үлкен  мақтан тұтатын  әкесі және немерелерінің сүйікті атасы. Марат Нұғыманұлының осындай тамаша ісі отбасындағы балаларына және немерелеріне үлкен үлгі болып табылады. Осындай әкемен және атамен мақтануға тұрарлық.

Қазіргі кезде Астана қаласында «Ардагерлер Қарулы  күші» Республикалық орталық   ұйымының  орынбасары және  жастарға патриоттық тәрбие беру  бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқаруда және Қазақстан ардагерлер ұйымының басшысы. 

Әр уақытта Отанын қорғауға дайын азамат, жастарға патриоттық тәрбие берудегі ісін тыңғылықты атқаруда және сол жас жеткіншектердің ата – аналарымен өте тығыз байланыста, барлық проблемалық сұрақтарын бірге шешуге әрқашан дайын. Елі мақтан тұтатын азаматтың бірегейі. 

Жаңартылған күні: 26.04.2021 10:22
Құрылған күні: 26.04.2021 10:22

Текст