«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20 желтоқсан күні 7"А" сыныбында қазақ тілі пәнінен

Бүгін 20 желтоқсан күні 7"А" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Музыка - әлемдегі ең жоғарғы өнер" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: 7.1.2.1.әлеуметтік-қоғамдық, оқу - еңбек тақырыптарына байланысты диолог, монолог, пікірталас, (ән, интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау. Сабақта "Музыкалық қалпақ",  "Еркін жазу", "Интервью", "Сиқырлы қобдиша", "Сыр сандық", "Суреттер сөйлейді", "Музыкалық шың", "Синквейн" әдістері, "ПОПС"формуласы қолданылды. Оқушылар 3 топқа бөлініп, түрлі тапсырмалар орындады. "Музыканың адамға әсері" тақырыбында пікірталасқа түсіп, музыканың адамға жағымды/жағымсыз тұстарын анықтады. Сергіту сәтінде " Еркем-ай" әнін қазақтың төл әріптері(ә, ө, і)әріптеріне алмастырып шырқады. Рефлексия кезеңінде    "Музыкалық шың" әдісі арқылы сабақтағы жетістік баспалдағы бойынша өз деңгейлерін анықтай білді.Пән мұғалімі:Ахметжарова Г.Б.#Гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығы#

/public/files/2023/12/21/211223_115636_whatsapp-video-2023-12-20-at-204529.mp4

Жаңартылған күні: 21.12.2023 11:56
Құрылған күні: 21.12.2023 11:56

Текст