«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола өңірінің билері туралы не білеміз?

23.01.2018

Ақмола

өңінінің билері туралы не білеміз?

 

            Мемлекет

Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» мақаласының аясында

Ақмола облыстық сотында атқарылатын іс-шаралардың ауқымды жоспарын облыстық

соттың төрағасы Д.С.Әміров бекітті. Жоспарды орындау мақсатында, облысымыз

бойыншаби-шешен, ақын-жыраулар және Алаш зиялыларының есімдерін өскелең

ұрпақтың сана-сензіміне жеткізуге бағытталған жұмыстар басталды. Осы мақала,

сол іс-шаралардың бір ғана көрінісі.

            Өткен

ғасырларда және ХIХ ғасырдың орта кезіне дейін, Қазақстан аумағында сот билігін

дәстүрлі бидер соты атқарған. Билерге бұл лауазымды мемлекет бермеген. Би деген

атақ  атадан балаға ауыстырып берілетін

атақ болмаған. Қазақ даласында би болу оңайлыққа түспеген. Биге халық қойған

талаптардың биігін сан алуан нақылдардан көруге болады. Мысалы: «Құдайдың

сүйген құлдары ғана би бола алады», «Батыр- жүз әйелдің бірінен ғана туады, ал

би – мың әйелдің бірінен ғана туады» дегендей т.т. Сондықтан би болу үшін,

үміткер тұлға жеке басының дәстүрлі дара қасиеттерінен басқа үш қатаң талапқа

сай болуы міндетті болған.

            Қазақ

Елінде негізгі билік – «Жеті жарғының» қағидаларын жинаған – «Дала заңының»

ережелерін билер терең игеру керек болған. Бұл біріншіден.

            Би асқан

ақыл-парасаттың иесі, қызыл тілде ешкімге дес бермейтін шешен, атақты билердің

даналық сөздерін жатқа білетін тұлға болуы міндет болған. Сол себетен, би деген

сөзге шешен деген сөз терпе тең айтылатын. Бұл – екіншіден.

            Бидің

жеке басының ең жоғарғы қасиеттері: дау-дамайларда ерекше әділдік, халыққа

адалдық, ар-ожданы мен намыс кіршіксіз тұлға болуы міндет болған. Бұл –

үшіншіден.

            Осы үш

талаптардың салмақтары халық: «Шындықтан өзге құдай жоқ», «Малым – жанымның

садағасы, жаным – арымның садағасы», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман

жоқ» деген т.т. қағидаларда бекіткен.

            Әйгілі

Төле, Қазбек және Әйтеке билердің есімдері аталған талаптарға толық сай болып

Қазақ Еліне кеңінен таныс.

            Сонымен

қатар, ұлы Шоқан Уалихановтың  айтуынша,

«танымалы шешен, билерге біздің өңірнде кенде болмаған».

            Биге

қойған талаптардың жүгін мүлтіксіз орындап, халықтың екрекше құрметтеріне

бөлінген, елі үшін аянбай еңбек еткен, қасиетті, дуалы сөзі би-шешен

бабаларымыз Ақмола-Көкшетау өңірінде де аз болмаған.

            Бұл

мақалаға бірнеше жағдай сабап болып отырғанын айту керек шығар.

            Біріншіден,

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты соңғы еңбегінде

былай деп көрсетті: «Жаңғыру атаулы тарихи тәжрибе мен ұлттық дәстүрлерге

шекеден қарамауға тиіс. Керсінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық

дәстүрлерді табысты жаңғартудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.

Егер жағыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды».

            Екіншіден,

Елбасының осы өткір және уақытылы айтылған пікірлерінің әділдігін өмір көрсетіп

отыр. Осы кезеңде Республиканың сот саласындағы оң өзгерістер, өткен

ғасырлардағы билер сотының мектебі бүгінгі сот билігіне бірегей үлгі екенін

аңғару қиын емес. Бұл тақырып келешекте талайзерттеулердің еншісі болуы мүмкін.

            Үшіншіден,

сол би-шешен бабаларымыздың есімдерін үлкен буын аталарымыз жақсы біосе, осы

кездегі жастардың бірі білсе бірі білмейді.

            Осы үш

себетерге және бабаларымыздың есімдері елді мекендерге, көшелерге, басқа да

нысандарға берілуіне байланысты, өңіріміздің кейбір белгілі би-шешендері туралы

оқырман қауымға қысқа да болса нұсқа мәлімет жасауды жөн көрдік.

            Қанай би

Құттымбетұлы 1695-1780 жылдары өмір сүрген. Ақмола облысы Зеренді ауланының

Қарабұлақ (осы күнде Қанай би) ауылында туып Түркістада жерленген.Абылай ханның

атақты билерінің бірегейі және өжет батыр, дарынды жырау болған. Елге кең

таралған ұрпақтары бар. Оның ішінде, әйгілі майдангер жазушы, Совет Одағының

Батыры Мәлік Ғабдуллин, Социалистік Еңбек Ері, майдангер Баян Жанғалов,

жергілікті журналист-жазушы Жанатай Бекенов т.т. Көкшетау қаласында Қанай би

көшесі бар. Есімі берілген өзге нысандар өңірімізде жоқ.

            Бөгенбай

би Құттықадамұлының жасы Қана бимен шамалас болса керек. Зеренді ауданы Лосевка

«бүгін Бөгенбай би) ауылында туып сонда жерленген. Ауыл мектебінде мұражайы, ал

ауыл зиратында ұрпақтары көтерген көркем және биік кесенесі бар. Есімі берілген

өзге нысандар жоқ.

            Бүйсен

би Есенберліұлы да ХVII-ХVIII ғасырлардың тоғысында өмір сүрген.

Зерендіауданындағы Қошқарбай деген ауылдың төңірегінде туған. Қожа-Ахмет Яссауи

кесенесінде жерленген. Көкшетау-Атбасар тас жолының бойында, Айдарлы айылының

жанында оң жақ қолда, ұрпақтары орнатқан ескерткіш тақта бар. Дүйсен бидің

баласы Бекше  де би болған

тұлға.Жергілікті мектепте Дүйсен бидің мұражайы бар. Аты берілген елді мекен,

көше не болмаса басқа нысандар жоқ.

            Бекше би

ХVIII-ХІХ ғасырда өмір сүрген. Дүйсен бидің баласы. Ерейментау өңірінде туып

өскен және үзеңгілес жолдасы Саққұлақ бимен бірге көп жылдар билік құрған.

Дау-дамайлар шешуге байланысты Орынбор, Омбы қалаларыныңөңірінде және Қытай да болған

кісі. Бекше бидіңұрпақтары Зеренді ауданының төңірегі және еліміздің басқа

өңірлерінде де бабаларыныңигі істерін жалғастырып жатыр. Есімі берілген

нысандар жоқ.

            Әлдебек

Би Сатайұлы (кейбір деректерде Әлдебек шешен Абызұлы деп те аталды). 1705 жылы шамасында

Ақмола облысы Ерейментау өңірінде туып 1800 жылы қайтқан Омбы облысы Тавричан

ауданы Байтұяқ (осы күні Байдалин) деген ауылда жерленген. Оның  себебі: Абылай ханға өзімен бірге қызмет

жасаған, жоғар соғысына қатысқан досы батыр Байболат Шегірекұлы деген тұлға

Байтұяқ ауылының тумасы. Жоғар соғысы аяқталғасын Әлдебекті бар әулетімен өз

ауылына көшіріп алған.

            Ақмола

облыстық сотының мұражайында Әлдебек би бабамыздың бюсті 2004 жылы орнатылды.

Және ол туралы деректер жазылған кітап бар. Есімі берілген нысандар жоқ.

            Байдалы

Би Бекшеұлы 1927-1821 жылдары өмір сүрген. Осы күнгі Қарағанды облысы «Дружба»

совхозының төңірегінде туған. Астана мен Павлодар арасындағы Шідерті

төңірегінде жерленген. Абылай ханның жанында Ақмола өңірінде елге еңбегімен танылып

жүрген сегіз биінің ең беделдісі болған. Сондықтан ел аузында Абылай хан:

«Сегіз бидің ішінде семіз биім!» - деп айтады екен деген аңыз бар. Есімі

өңірімзде нысандарға берілген жоқ.

            Бапан Би

Тұранәліұлы 1760-1850 жылдары өмір сүрген. Ақмола облысы, Ерейментау ауданнында

туып өмір сүрген. Бөгенбай батырдың немересі, Саққұлақ Бидің әкесі. Аты әйгілі

беделді би болған. Ерейментау аудандық сотының алдында ұлы Саққұлақ екеуіне

естелік бюсттері 2006 жылы орнатылды. Есімі нысандарға берілген.

            Сақққұлақ

би Бапанұлы 1800-1888 жылдары өмір сүрген. Ата қоныстары Ақмола облысы

Ерейментау ауданының аумағында.

            Ақмола

облыстық сотының мұражайнда Саққұлақ бидің гипстен жасалған бюсті орнатылған.

Ал, Ерейментау аудандық сотының алдында әкесі Бапан би екуіне де көлемді бюсттері

2006 жылдан орнатулы тұр.

            Саққұлақ

құрметіне арналған Ерейментау қаласында көше бар. Өңірімізде өзге нысандарға

есімі берілмеген.

            Етекбай

би Түркебайұлы 1808-1889 жылдары өмір сүрген. Степногорск қаласының жанында

Қарабұлақ деген жерде туып сол жерде жерленеген. Бурабай мен Омбы қаласының

төңірегінде әділ билік жүргізген. Осы күні Қарабұлақ деген ауылдың төңірегінде

зираты бар. Ақмола облыстық сотының мұражайында бюст орнатылып жазба деректер

бар. Еш бір нысандарға оның есімі берілмеген.

            Көріп отырсыздар,

бабаларымыздың басым көпшілігінің есімдері өңірімздің елді мекендеріне,

көшелеріне не болмаса өзге нысандарына берілмеген. Бұл ауқымдық жұмысты

облысымыздың тиісті атқарушы биліктің өкілдері Елбасымыздың мақаласында қойған

талаптарына сәйкес жедел және сапалы атқарылытынына сеніміз мол. Осы

іс-шараларды табысты орындауға жергілікті билікте жеткілікті қаржы да, адами

байлығы да және өзге де жағдайлар бар екеніне күмән жоқ. Керегі кішкентай ғана

мұқтаждық: ол – үлкен Отансүйгіштік. Ол сезім қалғып жатса ряту оңай. Елбасының

мақаласын тағы да бір мұқият оқып шықса болды.

            Әңгіме

соңында, Мемлекет Басшының жаңа еңбегінденгі мына бір сөздеріне назар аударсақ:

«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болы, қанымызға сіңген,  бүгінде тамырымызда бүкілдеп жатқан ізгі

қасиеттерді қайта түлетуіміз керек». Елбасымыздың бұл пікірі қысқа да болса

нұсқа және айқайлап тұрған ақиқат екені еш бір пікірсайыс туғызбайды шығар.

Просмотров: 579

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст