«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп мұражайы-тарихтан сыр шертеді.

28.02.2019

Мектеп мұражайы-тарихтан сыр шертеді.

         Со страниц истории из школьного музея.(Мақала)

1.Атауы:Тарихи-этнографиялық мұражай

2.Мекен-жайы:Ақмола облысы

                          Зеренді ауданы

                          Зеренді селосы

       Жанайдар Мусин көшесі №39 «А» ғимарат

                          "М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім бертін орта мектеп" КММ

                          Тарихи-этнографиялық мұражай

                          Электрондық пошта:nurseitov@mail.ru

 

3.Эмблемасы: 

 

 

Зеренді

 

4.Құру мақсаты:мұражай жәдігерлері арқылы көрермендерді ұлттың тарихын

тануға тарту,отансүйгіштікке баулу.

5.Мұражаймен орындалатын нысана:ұлттың тарихына қызығыншылықты ояту

6.Мұражай келесі нысаналарды орындайды:

     а)білім беру-байланысты сабақтарда мұражай көрмесін пайдалану

     б)экскурсиялық-1995 жылдан бастап 467 экскурсия болып,5965 адам

     біздің қонағымыз болып кетті

     в)сабақтан тыс-тәрбие шараларын жүргізу,экскурсоводтарды дайындау

     с)басқалары-соғыс,еңбек ардагерлерімен,атақты жерлестерімізбен,

     мектептің бұрынғы түлектерімен кездесулер ұйымдастыру 

7.Негізгі бағыттары:

     а)танымдық қызмет-ұлттың,өлкенің тарихын білуге

     б)іздестіру-зерттеу-жергілікті материалдарды зерттеу,экспозицияны үнемі   

     толықтырып отыру

     в)бағалы-хабардар болу-жазғы қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысу,

     жаңа жергілікті материалдарды іздестіру

     г)шығармашылық қызмет-жинақталған материалдарды пайдалана келе стенд,

     буклет,альбом,бейнетаспа,реферат,баяндама дайындау

     д)экспозициялық-көрсетілім:-өлке тарихы

     е)ғылыми-танымдық-шежіре құрастыру,өлке тарихын жазу

8.Тараулар және мұражайдың экспозициялары:

     1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері

     2.Туған өлкенің табиғаты

     3.Этнография материалдары

     4.Біздің өлкенің атақты адамдары

 

         Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры-адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-карекеті дүниеге әкелген рухани және материалдық құндылықтар. Қай халықтың болсын өзге ешбір халыққа  ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр-талайын айқындайтын жәдігерлер. Осыған орай, ғылыми, ағартушылық-біліми, мәдени мекеме ретінде мүражайлардың рөлі өте зор. Себебі, мұражай көрмелерінде орналасқан әрбір мұраның астарында сол жеке мұра тарихы ғана емес, осыған байланысты болатын кез келген халықтың жүріп өткен ізі, тарихы жатыр.

         Мұражай, ғылыми зерттеу жұмыстарымен катар, тарихымыздың құнды деректерін сақтау арқылы ұрпақтан-ұрпаққа сана-салттың қалыптасуы мен дамуын жеткізетін орын болып табылады.

         Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты жүзеге асыру мақсатында,  балалар мен жастарға отансүйгіштік тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру үшін М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің іргесінде тарихи-этнографиялық мұражай 1995 жылдың 5-ші мамыр күні ашылған болатын. Мұражайдың салтанатты ашылуы Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналған. Сол күндері мектебімізде осы мерекеге арналған көптеген игілікті жұмыстар жүргізілді. Аудан және мектеп басшылығы,оқушылар,ата-аналар,мұғалімдер қауымыныңқызу қолдауымен бағалы деректер жиналды. Газет, құжат материалдары, керекті документтер, архив документтері, әр түрлі фотосуреттер шын ниетпен мектепке ұсынылды және мұражай жаңа экспонаттармен толықтырылды.Мұражайда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған,ардагерлердің естеліктері,іс қағаздары фотосуреттері,медальдары мен төс белгілері,каскалар,котелоктар,түймелер,гилзалар оқушыларға экскурсиялар кезінде үкен әсер етуде.

Ал 2015 жылдың 6 мамыр күні мектебімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мұражайда үлкен өзгерістер енгізіліп, жаңарған мұражай ретінде есігін айқара ашты. Оған соғыс және еңбек ардагерлері, аудан орталығының тұрғындары қатысты. Мектеп директорының құттықтау сөзінен кейін, келген қонақтар қайтадан көрмелері жаңартылған мұражайды тамашалады.

Негізінен жаңа көрмелер Ұлы Жеңіске арналған, мысалы "Ерлікке тағзым" атты диорама Қызыл әскердің 1941 жылдың қысқы шайқастары туралы баяндайды.Себебі сол қиын кезде Қазақстанмен Орта Азия елдерінде жасақталған әскери құрамалар қайтпас ерлік көрсете біле жауды тоқтатты.

Қазақ халқының Әлия, Мәншүк, Хиуаз батыр қыздары туралы көрме соғыс кезіндегі ерлік туралы айта келе жас ұрпақты ойға тартады.

Мектебімізге қазақ халқының даңкты ұлдарының бірі,аса көрнекті педагог,ғалым,қоғам қайраткері,Кеңес Одағының Батыры,біздің жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілген ұақыттан бастап батырға арналған экспозиция ұйымдастырылды.

         М.Ғабдуллинның 100 жылдығына орай Батырға арналған көрмелер жаңартылды. Мәліктің өмірбаяны, соғыс кезіндегі ерлігі, ғылыми еңбегіне арналған көрмелер біздің жерлесіміз туралы толық мағлұмат береді.

         Мұражайда ұнемі кездесулер,жиындар,тәрбиеге байланысты ерлік сабақтары өткізіліп тұрады.

         Мұражай облыстық және республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

         Мұражай-білім ордасы, ғылыми іріктелуден өткізілген халық мәдениетінің қайталанбас үлгілерін сақтап, сол арқылы өткен тарихи кезеңдер мен бүгінді жалғастыратын "Алтын көпір".

Просмотров: 591


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст