«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

О переходе казахской письменности на латинскую графику.

16.05.2018

О переходе казахской

письменности на латинскую графику.

         Қазіргі заманда әлем бойынша мойындалған және БҰҰ-да тіркелген 6 тіл бар. Олар:

ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан тілдері. Бұл тілдер жер шарының мемлекеттеріне

кең таралған.

Бүгінгі күні

жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға

басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа

ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ

түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.

         Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні

және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алғаны тарихтан

белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі алфавит ретінде кеңінен қолданысқа енді.

Енді,

осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған

мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен

технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын

алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман

талабынан туындап отыр.

Қазақ халқы:

«Елу жылда, ел жаңа», - дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен

реформалар болатындығы анық. Мысалы, Түркияда Ата Түрік 1928 жылы бүкіл елін

латын алфавитіне көшіргені анық. Ол кезде түріктер араб және парсы тілінде жазған

екен. Демек, өркениет заманына қарай бет бұрған деп түсінуміз керек.

Ал,

1929-1940 жылдары латын алфавиті Қазақстанда қолданыста болды. Бірақ, Кеңес

Одағы заманында 1940-1941 жылдары Қазақстан Үкіметі қаулысымен кириллицаға

көшті. Кириллицада қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті және тарихы жазылды. Бұл

өткен тарих, оны ешкім сызып тастай алмайды. Бірақ, енді мынадай мәселелер

туындап келе жатқаны белгілі: бұрын кириллицамен жазылған шығармалар қайда

қалады? Оларды келешек жас ұрпақ оқи алама, - деген заңды сұрақ қойлып келеді.

Ол мәселе қазіргі ақпарат заманында техника арқылы жүзеге асуға тиісті деп отыр.

         Қазақ тілін

латын әліпбиіне көшкенде өз тілдерін кириллица бойынша жазып жүрген өзге ұлт өкілдеріне

қазақ тілін үйренуде қиындық тууы мүмкін деп уәж айтушылар болатыны сөзсіз.

Алайда, соңғы 15 жылда кириллицадағы мемлекеттік тілді меңгеруге құлықсыз

болғандар сол күйінде тілді меңгергісі келмейтіні айдан анық емес пе?

Қазан революциясынан

кейін де қазақ екіге бөлінген. Бірі елде қалған, аш-жалаңаш, қорлықта, екіншісі

шетелге қашқан, яғни қорлықтан қорлыққа. Екеуінің де тілі бұзылды. Бұл – дерек.

Қазақ айтқандай, «елу жылда – ел жаңа, қырық жылда – қазан жаңа». Латынға көшу

керек және Ә. Жүнісбек айтқандай сауат ашып көшу керек.

Ә. Жүнісбектің Қазақ

латын әліпбиінің «Ұлттық жобасы»

кирил

латын

аталуы

кирил

латын

аталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

А а

Ә ә

Б б

Ғ ғ(-Г г)

Д д

Е е

Ж ж

З з

Й й

Қ қ(-К к)

Л л

М м

Н н

A a

Ä ä

B b

Ğ ğ(-G g)

D d

E e

J j

Z z

Y y

Q q(-K k)

L l

M m

N n

а

ә

бы

ғы(-гі)

ды

е

жы

зы

ый

қы(-кі)

ыл

мы

ны

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Ң ң

О о

Ө ө

П п

Р р

С с

Т т

У у

Ұ ұ

Ү ү

Ш ш

Ы ы

І і

Ň ň

O o

Ö ö

P p

R r

S s

T t

W w

U u

Ü ü

Š š

І ɪ

İ і

ың

о

ө

пы

ыр

сы

ты

ұу

ұ

ү

шы

ы

і

         Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

«Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы бастама көтергенін жақсы білеміз . Онда қазақ тілі арқылы ұлт

болып сақталу, орыс және ағылшын тілінде әлемдік кеңістікке, халықаралық

байланыстарға шығудың мүмкіндіктері ашылатындығы айтылған. Бұл да өте дұрыс

ұсыныс, заманға лайықты өмір сүруге қажетті жағдайлардан туындаған қадамдар деп

ұғуымыз керек.

Латын

алфавитіне көршілес Өзбекстан, Түркменстан және Әзірбайжан мемлекеттері

тәуелсіздік алған уақыттан бастап ерте кіріскен. Олар да заман талабына сай

даму үшін осы алфавитті өздеріне қабылдаған. Бірақ, қай мемлекеттерді алып

қарасаңыз да қиындықтар болған. Бұл латын алфавитіне өту кемінде 10 жылдық

процесс екен.

Енді, алдағы

уақытта Қазақстан Республикасының латын алфавитіне өтудің өзіндік қиындықтары

болатындығы анық. Онда: алфавит ауыстырып, оны үйрену, сауатты жазуды меңгеру,

бұрынғы шығармаларды қайта аудару және тағы басқа мәселелер бар. Бірақ, қарап

отыруға тағы болмайды. Сондықтан, ортақ тоқтам жасалған жаңаша алфавитті мемлекеттік

деңгейде бірнеше нұсқа ішінен таңдап алып, соны ҚР Үкімет қаулысмен

бекітілетіні анық.

         Одан кейін сол латын алфавитін

балабақшаларда, орта мектептерде және ЖОО-ында үйрету керек. Яғни, оны жазу мен

оқуды үйретудің бірнеше сатылы мемлекеттік механизмдерін білуіміз шарт. Олар

қандай деңгейде жұмыс жасау керектігі анықталуы керек.

Қорытындылай айтқанда, әлемдік өркениетті елдер қатарынан

қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу Қазақ еліне артық

болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін

қалыптастыра түседі.

Бірақ, латын алфавитіне көшуде өте асығыстық жасамай,

біріншіден алфавиттің ортақ тоқтам жасалған нұсқасын анықтауымыз керек.

Екіншіден, оны үйрету мен оқытудың мемлекеттік механизімін жетілдіріп, белгілі

бір жүие

қалыптастыру қажет. Үшіншіден, халықтың өзі саналы түрде оны меңгеруге

талпыныстар жасауы тиіс деп ойлаймын.

Просмотров: 441

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст