«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел

 Директордың тәрбие ісінің орынбасары Кенжина Дамегуль Мухамедрахимовна «Бала құқығы - адам құқығы» акциясы аясында  қыз тәрбиесіне байланысты «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел»  тақырыбында ашық алаң бағдарламасын өткізді.

Мақсаты: Қазақ халқының әдет - ғұрып,салт дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс –тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті ,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

         Іс –шараға аудандық аурухана дәрігерінің орынбасары, жасөспірімдер дәрігері Сахова Жанар Уразбайқызы.Аудандық білім бөлімінің әдіскері:Хабдылханқызы Бақытгүл. Зеренді аудандық прокурорының прокуроры : Уалиева Әсел Нұрланқызы Аудандық«Жастар ресурстық орталығының» басшысы: Ескеева  Гүлім Досболатқызы, әжелер мен аналарымыз Жантаева Айнаш Жолданғарқызы ,Бельгумбаева Гульнара Қазбекқызы,Рахимжанова Көзтай Сәбитқызы,Ахметова Әсия  Қанапияқызы. Мектеп директоры: Эльмира Майданқызы Халелова, сынып жетекшілер, мектеп жанындағы тәрбиеленушілер және 8-9-10-11 сынып қыздары қатысты.

        Бағдарлама барысында қыз бала тәрбиесіне байланысты ерте жүктілік, электронды темекі,суицид,қыздар арасындағы әлімжеттік, төбелес, ұлттық және психологиялық тәрбие тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жаңартылған күні: 18.11.2021 09:25
Құрылған күні: 18.11.2021 09:29

Текст