«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз дұрыс тамақтана білеміз бе?

Сабақтың тақырыбы: «Біз дұрыс тамақтана білеміз бе?»

Сабақтың мақсаты: дұрыс тамақтану режимімен танысу, пайдалы мен зиянды тамақтарды атау, сұхбаттасу, пікірлесу; сөздік қорын молайту

Көрнекі құралдары: слайд, қанатты сөздер, суреттер (пайдалы және зиянды тағам түрлері), желім, А4 қағаздары.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ.

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі

2. Қанатты сөздерге назар аудару.

«Тамақты шын көңілмен сүйсініп ішу керек»  И. П. Павлов

«Ас - адамның арқауы» мағынасын түсіну арқылы сабақтың тақырыбын ашу. (оқушылар жауабын тыңдау)

Әлеуметтік педагог: К.Б.Тилеубаева.

 Ия, балалар дұрыс айтасыңдар, адам ағзасы қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторларының әсерін сезінеді. Қазіргі уақытта қоршаған ортаның техногендік сипаттағы өнімдермен ғаламдық ластануы байқалуда. Сондай - ақ адамдардың дұрыс тамақтанбауы, дәрі - дәрмектерді көп пайдалануы, тұрмыста санитарлық – гигиеналық талаптардың сақталмамауы түрлі аурулардың дамуының негізгі себептері болып табылады. Осыған орай «Біз дұрыс тамақтана білеміз бе?» атты дәріс – сабақ өткіземіз.

Мектеп медбикесі: Ж.К.Дюсембина.

Қымбатты оқушылар! Сіздің дененіз сау және сұлу болып өсуін үшін, ағзаңызға көп нәрлі заттар қажет. Ағзаның қалыпты өсуіне нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен микроэлементтер қажет. Қазіргі кездегі оқушыға күніне тамақтану төрт ретпен кем болмауы керек: ертеңгі ас, түскі ас, сәскелік ас және кешкі аста міндетті түрде ыстық тамақ болу қажет. Сіздің ішетін тағам құрамында сүт, сүзбе, құрт, ірімшік, айран, кальций мен нәруыздардың көзі болу керек. Кальций мен фосфорды балық тағамдарда алуға болады. Сізге күніне 1 - 1, 5 л. сұйықтық, бірақ газдалған емес, жеміс немесе көкөніс шырынын ішу керек. Адам үшін, ең қажеттісі ертеңгі ас! Ертеңгі асқа, мысалы, тәтті шай, нан - тоқаш өнімдері, балғын көкөністер және сұлы немесе қарақұм ботқасы. Түскі асқа ыстық тамақпен тамақтану қажет. Міндетті түрде, екі ыстық тамақ болса тіптіжақсы. Мысалы, көже (күріш, бұршақ, борщ және т. б.) лағман, кеспе, ал, екіншісіне котлет, палау, гарнирге күріш, картоп, кеспе немесе пісірілген көкөністерді қолдануға болады. Ыстық тамақты нанмен ішіп - жеген дұрыс. Үшіншісіне, бір стақан шырын, шай және т. б. Түскі аспен кешкі астын арасында тәтті нанмен тоқашпен бір стақан айран, сүт ішкен дұрыс. Кешкі ас бір ыстық тамақпен тамақтануға болады. Тек, жоғарыда айтылған тағамдармен шектеу міндетті емес. Барлығы анаңыздың, әжеңіздің немесе асхана аспаздары қандай тағам жасағанына байланысты болады. Үйлесімді тамақтану – бүкіл ағзаға әсіресе жүрек – қантамыр жүйесіне кешенді әсер етеді. Жүрек – қантамырлар жүйесі жұмысының өздігінен реттелу механизмдері қалыпқа келеді. Дене салмағының азаюы, жүрек бұлшық етіне түсетін қосымша салмақты азайтады. Тамаққа жемістер күніне 400 г. кем емес көкөністерді көбірек пайдаланыңыз. Майлы ет пен тәтті тағамдарды азырақ жеңіз.
Астық дақылдарынан жасалған тамақтарды пайдаланыңыз
Құрамында магний, калий және кальций көп тамақтарды көбірек жеңіз.
Тұзды тәулігіне 5 г. артық пайдаланбаңыз. Дұрыс тамақтандыру сізге қан қысымыңыздың көтерілу қаупін азайтуға және денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі. Жайлы отырып тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Қомағайлық –адамның жаман қасиеттердің бірі. Біз тамақ ішу үшін, өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақ ішеміз.

 

Мектеп медбикесі: Ж.К.Дюсембина.

3. Сұрақтарға жауап беру: (оқушылардың)

1. Ас дегенімізді қалай түсінесің?

2. Тағамның қандай түрлерін білесіңдер?

3. Сендер неше рет тамақтанасыңдар?

4. Қандай тамақ жеуге рұқсат?

5. Қанда тамақтарда витамин көп?

 

Әлеуметтік педагог: К.Б.Тилеубаева.

Сынып оқушыларын топқа бөлу:

1-топ: «Дастархан» Ұраны:        Дастархан дәмі киелі

2-топ: «Қанағат» Ұраны:            Тойдым деуге болмайды, қанағат деу керек.

 

Әлеуметтік педагог: К.Б.Тилеубаева.

 «Тағамдарды топтастыру» стратегиясы

Топтық жұмыс: коллаж құрастыру. Сурет бойынша жұмыс

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Әр топқа суреттер (тағам түрлері) мен А4 қағаздары беріледі. Берілген тағам түрлерін «Пайдалы» және «Зиянды» екі топқа бөлінеді.

Топтар жасаған коллаждарын сыныптастарының алдында қорғайды.

 

Мектеп медбикесі: Ж.К.Дюсембина.

«Мақал-мәтел»  асқа байланысты мақал-мәтелдер айту

- Ас – атасы нан, нан атасы – дән.

- Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.

- Ет етке, сорпа бетке.

- Сиырдың сүті тілінде т.б 

 

Әлеуметтік педагог: К.Б.Тилеубаева.

Қорытынды бөлім   «Ас ішу тәртібі»

Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.

  1. Тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
  2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
  3. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
  4. Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады.

Сондықтан тамақты  талғаммен ішу керек.

 

Рефлексия

Балалар біз бүгінгі сабақтан  Не білдік?

                                                  Нені ұқтық?

                                                  Нені жадымызда ұстаймыз?

«Карусель әдісі» бойынша балалар бір біріне «Дұрыс тамақтана білейік» тақырыбында бір–біріне ұсыныстары мен тілектерін айтады.

 

Дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір ұстанған ұрпақ болып өсіңдер.

 

Жаңартылған күні: 27.02.2020 14:51
Құрылған күні: 27.02.2020 14:51

Текст